$ 447.4  477.55  4.76

Депутаттар «дизель тапшылығын әлдекімдер қолдан ұйымдастырып отыр» деп дабыл қақты

Мұнайдан өңделіп, жанармайға айналғанға дейінгі шаруаны жіті тексеру керек.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Қазақстанда дизель отынының бағасы өсіп, кей өңірлерде оның бір литрінің құны 500 теңгеге дейін жеткен. Мәжіліс қабырғасында депутаттар бағаны бұлайша көтеруге еш негіз жоқ екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров дизелдің тапшылығы мен бағаның күрт өсуі әлдекімдердің ұйымдасқан әрекеті деп санайды. Өйткені елдегі мұнай өңдеу зауыттары бағаны сол күйінде ұстап тұр. Сондықтан шикі мұнайдан өңделіп, жанармайға айналғанға дейінгі шаруаны жіті тексеру керек деп, құзырлы органдарға депутаттық сауалын жолдады. Тап орақ науқаны қызған шақта бағаның өсуі қосымша соққы. Сәйкесінше, өңірлердегі шаруалардан шағым көбейген, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

"Біздің қолымызда қазір кейбір фактілер бар. Осы фактілерді тексеру үшін бүгін мен Бас прокуратура мен агенттікке сұрау жолдадым. Бағаның күрт өсуі жылда қайталанады. Яғни дәл осы кезде белгілі бір олигархия топтары осы жағдайды біліп, алдын ала дайындалып, өз қалтасын толтыруға жұмыс істейтін секілді, - дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары