$ 444.22  476.38  4.82

Пара алды деген Түркістан әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды

Сотталушылар компания өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары мен осы бөлімнің бас маман – бухгалтері қызметтерін атқара жүріп, пара алды деп күдікке ілінген азаматтарға қатысты сот үкімін шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталушылар Түркістан қаласының Отырар шағын ауданында сыртқы желілерді төсеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін ЖШС өкілінен 1,1 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.

Сот үкімімен бұрынғы бөлімі басшысының орынбасарына 73 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, бөлімнің бас маман – бухгалтеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары