$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайдағы өрт: Қайырымдылық KZ қорына 491 млн теңге жиналды

Өзге өңірлердегі әкімдік қызметкерлері де бір күндік жалақысын беріпті.

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге 491 миллион теңге жиналды, деп хабарлайды Atameken Business

Бұл тек "Қайырымдылық kz" қорына түскен ақша. Қаржының басым бөлігін ірі кәсіпорындар мен бизнесмендер аударған.

Сонымен қатар өзге өңірлердегі әкімдік қызметкерлері де бір күндік жалақысын беріпті.

Айта кететіні қаржы тікелей тұрғындардың қолына берілмейді. Көмекті алу үшін азаматтар жергілікті басқарушы орган бекіткен бағалаушыларға шығынын есептетуі керек. Содан кейін арнайы қызметкерге қорға сұраныс жібереді.

Егер үйді жөндеуге ақша керек болса, белгіленген сома құрылыспен айналысатын мердігерлерге аударылады.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары