$ 494.87  520.65  4.91

«Өрт сөндірушілер үш күннен соң ғана бой көрсеткен»: Аягөзде де өрт болып жатыр (ВИДЕО)

Аягөз ауданындағы Баршатас пен Байқошқар ауылдары қызыл жалынға оранған.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Абай облысы Аягөз ауданындағы Баршатас пен Байқошқар ауылдары қызыл жалынға оранып жатыр. Өрт сөндірушілер үш күннен соң ғана бой көрсеткен.

Бұл туралы Оңғар Қабден өзінің facebook парақшасында жазды.

«Аягөз ауданындағы Баршатас пен Байқошқар ауылдарының жері үш күн болды өртеніп жатқанына. Өрт сөндірушілер бүгін ғана келіпті. Үш күн болды ауылдың бүкіл еркек кіндіктісі өрт сөндірумен арпалысып жүр. Малдың бүкіл қыстық азығы жанып кетіпті.

Нұрлан Ұранхаев мырза, өзіңіз осы ауылдарға барып, жағдайын көзбен көріңіз. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай жерлерде өрт болып жатқанынан да хабарсыз»,- деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары