$ 443.85  474.3  4.8

Қызылорда облысында қыз мармеладқа қақалған інісін құтқарып қалды (ВИДЕО)

Кадрдан Аружан есімді қыздың інісі Абзалдың қақалып қалғанын байқап, жүгіріп шыққанын көруге болады.

Қызылорда облысында қыз мармеладқа қақалып, тұншығып қалған 5 жассар інісін құтқарып қалды. Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Арал ауданында болған. Кадрдан Аружан есімді қыздың інісі Абзалдың қақалып қалғанын байқап, жүгіріп шыққанын көруге болады. Ол бірден арқасынан ұрып, еңкейтіп, сілки бастайды. Қуанышқа орай, қыздың әрекеті бауырының өмірін сақтап қалған. 

"Жарайсың! Өте батыл қыз! Кейде үлкендердің де қолынан келмейтін ерлікті жасады! Туыстар осындай болу керек! Мектепте балаларға алғашқы көмек көрсетуді үйретсе, жақсы болар еді", – деп пікрі қалдырды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары