$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан көлік кептелісі ең жоғары елдер тізіміне енді

Рейтинг мәліметіне сәйкес, қазақстандықтардың жұмысқа барып-келуіне кететін орташа уақыт көрсеткіші 34,73 минутқа тең.

Көлік кептелісі жиі болатын елдердің тізімінде Қазақстан 47-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Көлік кептелісі ең нашар елдер тізіміне жалпы есебі 87 мемлекет кірген. 47-орын алған Қазақстандағы көлік қозғалысы индексі - 133,9.

Индекс уақытты бағалайды. Нақтылап айтар болсақ, жұмысқа барып-келуге кететін уақыттың көптігі, межелі жерге жету үшін көп уақыт кететіне шағымдану, жол қозғалысы жүйесінің тиімсіздігі назарға алынады. 

Рейтинг мәліметіне сәйкес, қазақстандықтардың жұмысқа барып-келуіне кететін орташа уақыт көрсеткіші 34,73 минутқа тең. 

ТМД елдерінің арасында Ресей, Әзірбайжан және Ресей көрсеткіші Қазақстаннан да төмен. Ал Беларусьтағы көрсеткіш жоғары. 

Кептелісі ең нашар елдер тізімінде Нигерия, Коста-Рика мен Шри-Ланка көш бастап тұр. Ал ең үздік елдер қатарында Австрия, Финлядия мен Эстония бар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары