$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында 38,5 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз төленген

Әсіресе, Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларында заң бұзушылықтар көптеп кездеседі.

Түркістан облысында 38,5 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз төленген. Бұл туралы брифингіде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түгендеу жұмыстары барысында 22 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек тағайындаулары тексеріліп, заңсыз төленген 38,5 млн теңгенің 27 млн теңгесі бюджетке қайтарылған. Әсіресе, Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларында заң бұзушылықтар көптеп орын алған.

Сондай-ақ, мемлекеттік гранттарды беру заңдылығын тексеру кезінде де заңсыздықтар анықталып, 18,1 млн теңгенің 11,2 млн теңгесі бюджетке қайтқан. Мәселен, 27 адам екі рет грант алса, 31 адам тұрақты жұмысы бола тұра грант иегері деп танылған. Сондай-ақ, олардың 90 пайызы міндетті төлемдерді уақтылы аудармаған.

«Шарт бойынша ақшаны құрылысқа, сауда-саттыққа және той-томалаққа жұмсауға болмайды. Көпшілігі «мен білмедім, менің жағдайым төмен еді, емделуге жұмсадым» деп ақталғысы келеді. Дегенмен, заңның аты – заң. Қаржы тек мақсатты түрде жұмсалуы қажет. Ұсынылған бизнес жоспардан ауытқуға болмайды», - деді Әсия Құралқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары