$ 494.87  520.65  4.91

Бекболат Тілеухан ұлттық спорттан не үшін кеткенін түсіндірді

Ол бұл қызметтен өз еркімен кеткенін айтқан.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркияда тұратын экс-депутат Бекболат Тілеухан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы президенттігінен не үшін кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол бұл қызметтен өз еркімен кеткенін айтқан.

"Ұлттық спортты екі олимпиадалық цикл басқардым (8 жыл). Осы уақыт ішінде ұлттық спортымыз біраз жетістікке жетті. Қалай дегенмен уақыт орнында тұрмайды. Жаңа серпін, жаңа көзқарас керек. Бұл — өмірдің заңы. Осындай шешім қабылдадым", — дейді Бекболат Тілеухан.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып, белглі меценат, кәсіпкер Исламбек Салжанов сайланған еді. Бекболат Тілеухан бұл кандидатты өзі ұсынғанын айтты.

"Осы ұсынысым министрлік және қауымдастық тарапынан да қолдау тапты. Келешекте мен бастаған істерді жалғастырады деп үміттенемін. Өзім де ұлттық спорттан қол үзбеймін. Жамбы ату және дәстүрлі садақ ату федерациясын қосып, соның жетекшілігінде қаламын", — дейді экс-депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары