$ 447.4  477.55  4.76

Оралда студент дене шынықтыру сабағы үстінде қайтыс болды

Оқиға 9 қыркүйек күні Орал политехникалық колледжінде болған.

Оралда студент дене шынықтыру сабағы үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО білім басқармасынан мәлім еткендей, оқиға 9 қыркүйек күні Орал политехникалық колледжінде болған.

«Үшінші курс студенті Уәлихан Әміржанов дене шынықтыру сабағы уақытында кенеттен құлаған. Сол арада оқытушы мен медбике тарапынан алғашқы көмек жасалды. Жедел жәрдем дәрігерлері де кәсіби көмек көрсеткенімен, студентті аман алып қалу мүмкін болмады», деп хабарлады ведомстводан.

Білім басқармасы студенттің жазатайым дүниеден өтуіне орай ата-анасы, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары