ІІІ Чарльзді Ұлыбритания королі деп жариялау рәсімі 10 қыркүйекте Лондонда өтіп жатыр. Чарльз III ресми түрде патшалықтың жаңа монархы болып жарияланды, - деп хабарлайды Sky News.
Рәсімде ІІІ Чарльз халыққа патша ретінде қызмет етуге , анасының "шабыттандыратын үлгісін" ұстануға ант берді.
Саксон дәуірінен басталған рәсім тарихта алғаш рет теледидардан тікелей эфир арқылы көпшілікке көрсетілді. Құпия кеңесшілер, оның ішінде ханзада Уильям мен консорт-патшайым Камила, бұрынғы премьер-министрлер Дэвид Кэмерон, Гордон Браун және Тони Блэр ханзада Чарльзді жаңа патша ІІІ Чарльз деп жариялау үшін кездесті.