11.09.2022, 01:52

Алматыда 320 тонна химиялық реактив күзет дабылы жоқ, терезесіне тор да орнатылмаған қоймаларда сақталған

Фото: ашық дереккөз
«Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды

Алматыда қоймаларда 320 тоннадан астам химиялық реактив қауіпсіздік талаптары сақталмаған қоймада тұрған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қорында химиялық реагенттердің алуан түрі бар ЖШС-нің бірінің қоймаларына тексеру ұйымдастырылды. Нәтижесінде техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кәсіпорын қоймасында күзет дабылы орнатылмаған, терезелерде торлар жоқ, телефон да болмаған. Сонымен қатар, ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқты прекурсорлардың айналымы шектелді. Айналымға шектеу қойылған прекурсорлардың жалпы саны 322 тонна 4 килограмды құрады. Іс жүзінде аудандық полиция бөлімінде іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.