Алматылық ару әлеуметтік желіде танысқан канадалық азаматты тонап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Канадалық азамат бикешпен Tinder желісінде танысқан. Нұр-Сұлтанда алғаш рет кездескен олар мейрамханада кешкі ас ішіп, артынша қонақүйде бірге түнеген. Алайда ертесінде жаңа танысы шетел азаматының картасын қолды етіп, қонақүйден қашып кеткен.
Шетелдік азамат картасының жоғалғанын келесі күні банктің мобильді қосымшасына транзакциялар жүргізіліп жатқаны туралы хабарламалар түсе бастағанда байқаған. Ол картаны бұғаттап, кейіннен полицияға хабарласқан.
Ұры сауда орталығында бес мың канадалық долларға (шамамен 1,8 миллион теңге) сауда жасап үлгерген. Полицейлер күдіктіні Алматыда ұстады.
“Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде”, – деді елордалық ПД қызметкерлері.