$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстанда «Күміс жас» бағдарламасына қатысу 50-ге дейін қысқартылмақ: Жоба елге не береді?

Бұл жобаға қатысу барысында еңбек өтілі де ескеріледі.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Зейнеткерлік жасына жақындаған жұмыссыз әйелдерді қызметпен қамту шаралары мақсатында министрлік "Күміс ғасыр" жобасын жүзеге асыруда. Бағдарлама қазір 58 жастан бастап іске асырылса, келесі жылдан бастап бұл жобаға 50-ден асқан адамдар қатыса алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоба әйелдерді жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, жас жұмысшыларға тәлімгер және т.б қызмет түрлеріне жұмысқа алады. Келесі жылдан бастап оған 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

Бұл жобаға қатысу барысында еңбек өтілі де ескеріледі. Ал 30 АЕК (2023 жылы 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде ескерілетін болады.

Осылайша, аталған санаттағы әйелдер зейнеткерлікке шыққанда қазіргідей 20 000 теңге емес, жобаға қатысу ұзақтығына қарай 70 000 теңгеге дейін алатын болады.

Жаңа шарт 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ғана төлем алатын адамдар үшін енгізіледі.

Бұл жүйе бойынша төлемдер жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерінің пайдасына енгізген қосымша жарналары есебінен төленетін болады.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар тек қазіргі ғана емес, болашақ зейнеткерлерді де барабар зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зейнет жасы