Алматы студенті Қайрат Сатыбалдыға тиесілі ұзақ жылдар бойы босқа қаңырап тұрған қонақүй студенттерге арзан бағада жалға берілсін деп мәлімдеді. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы жазды.
«Бұл Сатыбалдының қонақүйі! Есентайдың бойында, таудың етегінде орналасқан. Сатыбалды Мәсімовпен ауыз жаласқаны үшін түрмеде отыр. Енді айтарым, студенттер осы үйге кіріңдер! Әкімшілік «айына 25-30 мың төлеңдер, қонақүймен біз келісімшарқа отырдық. Студенттерді кіргіземіз» деп айтты. 7 жыл болды. Бұл қонақүй босқа қаңырап тұр. Осыған кіріңдер! Кім айына 25-30 мыңнан көп төлей алса, сол студенттер әкімшілікке барып айтыңдар.
Комментарийге телефон нөмерлерін жазып кетемін. 12-сі күні кешкі 17.00 мен 22.00 арасында өртеніп кеткен әкімшіліктің алдына құрылтайға келіңдер. Сол жерде үй берсін деп талап етіңдер. 25-30 мың айына жақсы емес па?!», - деп үндеу тастады ол.