$ 494.87  520.65  4.91

Мұхтар Әбләзовтің халықаралық іздеуде жүрген тағы бір сыбайласы елге қайтарылды

"Жаңа Қалқаман" ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович "БТА-Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде болған.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылғанын мәлімдеді.

Агенттік мәліметіне сәйкес, "Жаңа Қалқаман" ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович "БТА-Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде болған.

“2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 миллиард теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады. 2019 жылы Пак Қытай Халық Республикасы (Чэнду қ.) аумағында анықталды”, – делінген хабарламада.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, жазбаша өтініш жолдаған.

27 тамызда Ішкі істер министрлігі Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әблязов