$ 444.22  476.38  4.82

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы бұл әлем чемпионатын жалғыз медальмен аяқтады.

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали Белградта грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресінен 60 келіде ел намысын қорғаған балуан кіші финалда венгриялық спортшыны 7:1 есебімен ұтты. 

Бұл Айдос Сұлтанғалидың әлем чемпионатында жеңіп алған екінші қола медалі. Бұған дейін ол 2018 жылы жеңіс тұғырына көтерілген. 

Еске сала кетейік, аталған әлемдік сында Айдос жартылай финалға дейін сүрінбей, финал жолдамасына таласта қырғыз балуанына есе жіберген болатын.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы бұл әлем чемпионатын жалғыз медальмен аяқтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары