$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда атыс болды

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 12 қыркүйек күні сағат 19.00-де болған.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылында атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 12 қыркүйек күні сағат 19.00-де болған.

«Таусамалы Қызмет» МКК қызметкерлері мен Қарасай ауданы Іргелі ауылының тұрғындары резервуарларды толтыру үшін қосымша су көзін салуды бастаған. Бұған бұрынғы директор наразылық білдірген, ал оның 45 жастағы күйеуі өзінің газ тапаншасымен ауаға бірнеше рет оқ атқан»,—деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі таңда тапанша тәркіленді. Оның иесі қосымша тергеу үшін Қарасай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу қорытындысы сәйкес ер адам ҚР ҚК 485-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #атыс