$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі басталады

Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация қатысады.

Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.

Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері қатысады.

Кеше кешке Рим Папасын елорда әуежайынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Кейіннен Қазақстан Президенті мен Рим Папасы Франциск Ақордада екіжақты кездесу өткізді . Айта кетерлігі, Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары Рим Папасы Иоанн II Павел Қазақстанға 2001 жылы келгеннен кейін алғаш рет өтіп жатыр. Бүгін ол елордада месса өткізеді. Оған 3 мыңға жуық адам қатысатыны күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#съезд