$ 494.87  520.65  4.91

«Абай айтқандай, жан тіршілігін рухпен ұштастыру қажет» - Рим Папасы

Ватикан басшысы ұлы Абайдың Алла туралы, адамзат туралы, татулық туралы сөздерінен цитаталар келтіруде.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіндегі баяндамасы барысында Рим папасы ұлы Абайдың Алла туралы, адамзат туралы, татулық туралы сөздерінен цитаталар келтіруде, деп хабарлады BAQ.KZ.

Тағы оқыңыз: «Қуғын-сүргін жылдары Қазақстандағы ғибадатхана жер аударылғандарды аштықтан аман алып қалды» - Президент

Ватиканның басшысы, Рим Папасы Франциск адам табиғи жаратылыс екенін айтты.

«Біздің рухымыз біршама өзгерді. Өзінің абсолютті еркіндігін өзгертті. Сондықтан біз өзіміздің аға-қарындастарымызды оның атынан неге шектеу аламыз. Абайдың өзі дінді мәжбүрлей алмаймыз, басқаларды сенуге мәжбүрлей алмайтынымызды айтады. Діни бостандық дегеніміз фундаментальді және бастапқы құқық. Ол жан-жақта қабылдануы және мәдениеттердің культіне алып келуіне тиісті. Сондықтан адамдардың рухын жария түрде көрсету керек. Бұл жердегі керемет тәмсіл кешегі күнді идеологияға алып келмеу. Біз бұдан мүмкіндігінше алшақ болуға тырысуымыз керек», - деді ол.

Тағы оқыңыз: «Өлім мен соғысты тоқтату үшін бір елдің президентінің аяғын сүйген қай мұсылманды көрдіңдер?» - Айгүл Орынбек

Рим папасы айтқандай, діндегі ең басты қасиет – дене бітімімізбен ғана оны жүзеге асыру.

«Әртүрлі діннің қалыптасуына және олардың өзара өмір сүруіне алып келеді. Ол әрбір адамның мәнез-құлқына ден қоюға мүмкіндік беріп, біріктіреді. Оларды бірдей етпейді. Ең керемет қасиетін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қазақстан осы құндылықтарды сақтауға оны одан әрі ілгерілетуге бейім. 20 жыл бойы бұл съез өтіп келеді. Биылғы кездесу бізді рухани және қоғамдық дамуға әсер етеді. Пандемиядан кейінгі кезеңде діннің орны қандай екенін көрсетеді», - деді Рим папасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары