$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып жатыр

Атыс басталып кетіп, сол кезде тәжік тарапы миномет қолданды.

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды деп хабарлады 24.kg агенттігі.

Ведомствоның мәлімдеуінше, оқиға бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған. Көрші елдің әскери қызметшілері осыған дейін қол жеткен екі жақты уағдаластықты бұзған. Қырғыз Республикасының шекарашылары Тәжікстанның шекара отрядын тапты.

«Қырғыз тарапының аумақтан шығу туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып кетіп, сол кезде тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша дүркін-дүркін атыс болып жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, қырғыз жағынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Баткен шекара отрядының бастығы оқиға орнына аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының бастығы полковник Қиялбек Төленбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының бастығы генерал-майор Х.Пиракзода қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатымен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары