Грузия Украина өкілдерінің Ресейге қарсы «екінші майдан» ашу туралы үндеуінен кейін халықтың ұстанымын білу үшін референдум ұйымдастыруы мүмкін.
Бұл туралы Sputnik Грузия билеуші «Грузин арманы» партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзеге сілтеме жасап хабарлайды.
– Біз сауалнама, плебисцит өткізіп, халықтан Грузияда екінші майдан ашылғанын қалай ма, деп сұрай аламыз. Халықтың айтқанын орындай аламыз. Көрейік, халық осыған байланысты шешім қабылдасын – олар Украина үкіметінің шенеуніктерімен немесе бізбен келіседі, – деді ол.
Кобахидзенің айтуынша, ел басшылығы бұл идеяны қолдамайды. Оның атап өтуінше, Украина үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктері Грузияда «екінші майдан» ашып, елді әскери қақтығысқа тартқысы келетінін жасыра алмайды.
Бір күн бұрын Жоғарғы Раданың депутаты Федор Вениславский Грузия халқының билікті «нақты қадамдар жасап, Абхазия мен Оңтүстік Осетияны азат етуге» мәжбүрлеудің бірегей мүмкіндігі бар екенін айтқан болатын. Өйткені Ресей қазір Украинаға толығымен назар аударған.
Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили елдің Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларына қосылуға дайын еместігін білдірді. Ол елдің Ресеймен сауда-саттық жүргізетінін және бұл процеске республика тұрғындарының барлығы дерлік асталысатынын атап өтті.
– Менің сұрағым бар: санкция салуға келгенде, сіз менен не істеуімді сұрайсыз? Менің халқыма санкция салғанымды қалайсыз ба? Бұдан кім зардап шегеді? Әрине, халқымыз, халық, экономикалық табысынан айрылады, мысалы, миллиондаған азаматтарымыз ақша аудара алмай зардап шегеді, – деді ол.