$ 443.85  474.3  4.8

«Албасты өлді, оның жері сол жақта»: Ресейлік телеарна II Елизаветаны қорлады (ВИДЕО)

Бүкіл әлем II Елизаветаның қайтыс болуына қайғырып жатса, ал ресейлік арна оны басқаша еске алды.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Бүкіл әлем II Елизаветаның қайтыс болуына қайғырып жатса, ал ресейлік арна оны басқаша еске алды, деп жазады caravan.kz порталы.

Ресейдің «Матч тв» арнасындағы бағдарламалардың бірінде медиаменеджер Константин Долгов II Елизаветаны қорлайтын сөздер айтты.

«Британдық монархия миллиондаған адамдарды өлтіріп, құлдыққа жіберген жоқ па? Бұл әйелден аңыз адам жасау бұл өте жиіркенішті. Бәрімізді ақымақ қылғылары келеді. Олай болмайды. Албасты өлді, оның жері сол жақта. Оның орнына келген Чарльз III. 2014 жылы біздің президентімізді (Путин) қорлаған сол емес пе? Гитлермен салыстырды», — деді медиаменеджер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары