$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы спорт секцияларында балаларды бұрын сотты болғандар жаттықтырып келген

Осы ретте еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушылардың өздеріне қатысты да еңбек құқығын бұзуға жол берілген.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының прокуратурасы АrtSport бағдарламасына бөлінген қаражатқа қатысты тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтардың болғанын анықтады.  

Атап айтар болсақ, секциялар мен үйірмелерге 2000-нан астам бала қатысты деген есеп берілген. Ал іс жүзінде АrtSport бағдарламасына тек 935 бала қатысқан. Өткізілген сабақтардың саны 5000-нан асады. 2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінген.

Одан бөлек, секциялар мен үйірмелерде бұрын сотталған және түрлі қылмыс үшін жауапқа тартылған 13 жаттықтырушы сабақ берген. Осы ретте еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушылардың өздеріне қатысты да еңбек құқығын бұзуға жол берілген.

Қалалық прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірқатар материал процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына берілді.

Бұдан бөлек, АrtSport платформасының функционалының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілмеген, балалардың дербес деректері қорғалмаған, басқа да кемшіліктер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары