$ 448.15  483.46  4.86

2027 жылы елімізде хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Тоқаев Люк Тардифке Қазақстан хоккейінің жетістіктері, отандық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен спорт инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады. Кездесуде тараптар хоккей спортын дамытуға байланысты бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды Экспресс К.

Тоқаев Люк Тардифке Қазақстан хоккейінің жетістіктері, отандық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен спорт инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы айтты. Әрі бұл спортқа қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін атап өтті. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мыңнан аса адам шұғылданады.

"Президент еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтініші 2023 жылы мамырдағы дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстанның осы шараны ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Әрі халықаралық хоккей федерациясы өз тарихында Азия құрлығында ешқашан жоғары деңгейдегі чемпионаттар өткізбегенін атап өтті", — делінген Ақорданың ресми сайтындағы ақпаратта.

Аталған федерацияның басшысы кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанда хоккей спортын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары