$ 494.87  520.65  4.91

Биыл елімізге Ресейден аударылған қаржы көлемі алты есеге артқан

Алынған қаражаттың жартысы, яғни 193,8 млрд теңгесі Ресейден келген.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ресейден Visa және Mastercard халықаралық жүйелері кеткен соң Қазақстанға ақша жібере бастаған ресейліктер саны артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Rankng.kz зерттеуінше, Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жөнелтілген қаражат көлемі жарты жылда 582,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға көп.

Бұл ретте транзакциялар саны 2,3%-ға, яғни 1,4 млн-ға дейін азайған, ал бір аударым бойынша орташа чек тиісінше 9,6%-ға өсіп, 418 мың теңгені құрап отыр.

«Ақша аудару жүйелері арқылы шетелден түскен қаражат көлемі бірден 2,2 есеге өсіп, 358,9 млрд теңгеге жетті. Орташа чек – 403 мың теңге», - дейді сарапшылар.

Қазақстаннан шетелге аударылған барлық ақша аударымының 69%-ы үш елдің үлесіне тиеді: Өзбекстанға – 163,3 млрд теңге, Түркияға – 136,5 млрд теңге және Ресейге – 101,8 млрд теңге.

«Алынған қаражаттың жартысы, яғни 193,8 млрд теңгесі Ресейден келген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 5,7 есе көп көрсеткіш. Оның ішінде, сәуір-шілде айларында 185,4 млрд теңге аударылған. Орташа есеппен, айына шамамен 46 млрд теңгеден аударылған. Бұл ретте 2015 жылдан бері осы жылдың наурыз айына дейінгі көрсеткіш 9,2 млрд болған еді», - делінген зерттеуде.

Шетелден түскен қаржы бойынша алғашқы бестікке сондай-ақ Қырғызстан (40,9 млрд теңге), АҚШ – (26,9 млрд теңге), Өзбекстан (23,9 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (23,7 млрд теңге) елдері кіріп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей #ақша