18.12.2016, 10:21

Алматы облысында аудандық ІІБ басшысы жол апатынан көз жұмды

Алакөл аудандық ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Айдын Асқарбаев қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 желтоқсанда шамамен сағат 20.00-ден кейін болған.

"Кезекші бөлімге Алматы-Өскемен тасжолындағы Бақалы ауылы маңында болған жол апаты жайлы хабарлама келді. Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысқан. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Бірыңғай тергеу реестірне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Аудандық ІІБ басшысы болған көліктің тізгінінде полицейдің отырғаны белгілі болды. Ол қазір ауруханада жатыр. Ал екінші Toyota Camry маркалы көлікте отырған екі адам - әйелі мен күйеуі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Алдын ала нұсқа бойынша, жол апатына көктайғақ себеп болған. Қайғылы оқиғаға қатысты басқа да деректер тексерістерден кейін хабарланатын болады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.