$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыдағы жер сілкінісінің салдарынан зақымдану мен қирау туралы мәлімет түскен жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«2016 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық «тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық стансалар желісі 11 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің кіндігі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 138 шақырымда орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3. Магнитудасы MPV 5.0. Зілзала ошағының бағыты 43.27° с.е. 75.21° ш.б. Тереңдігі 15 шақырым. Алматыда 2-3 баллдық жерасты дүмпуі сезілді», - деп атап өтті мекеме.

«ІІД Жедел басқару орталығының хабарлауынша, патрульденген аумақта зақымдар мен қирау фактісі анықталған жоқ», - деп хабарлады ТЖД. «Қазселден қорғау» ММ хабарлауынша, гидротехникалық ғимараттарда, көшкін және сел қаупі бар аймақтарда пішіннің өзгеруі, шөгу немесе сызаттар анықталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары