«Қазгидромет» РМҚК 17 қыркүйекте Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы күні түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады. О
Атырау облысының түнде шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде найзағай түсуі мүмкін, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
«17 қыркүйекте Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында да түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады», - деп жазды ведомство.
Синоптиктер осы күні түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік сақталатынын хабарлаған.
17-19 қыркүйек аралығында түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік болады.
Осы күндері Ұлытау облысының да солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
17 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында және таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.
Осы түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
«17 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жоғары өрт қауптілігі сақталады.
17-19 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, төтенше өрт қаупі күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.