$ 444.32  473.33  4.76

Головкин мен Альварестің гонорары айтылды

Геннадий Головкиннің кепілді гонорары сегіз миллион.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Elfinanciero басылымы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) трилогия үшін қанша гонорар алатынын жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылым мәліметінше, жекпе-жек немен аяқталарына қарамастан боксшылар кепілді соммасын алады. 

Осылайша, Геннадий Головкиннің кепілді гонорары сегіз миллион, ал PPV мен қосымша табыстарды қосқанда 45 миллион доллар пайда көруі мүмкін.

Альварес 65 миллион алады, оның 10 миллионы - негізгі төлем, ал қалғаны - трансляция құқығы, PPV көрсетілімі және демеушілерден түсетін пайда.

Бірінші айқаста "Канело" 40 миллион, ал Головкин - 22 миллион табыс көрген болатын. Екіншісінде екеуі де 30 миллионнан алған екен.

Айта кетейік, ертең таңғысын Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді. 

Бұл айқас Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады және оны телеарналардың ресми сайттарынан да тамашалауға болады.

Сағат 05:00-де негізгі кард жекпе-жектері бастау алады, ал басты айқас шамамен 8.00-ден кейін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары