$ 447.4  477.55  4.76

«Қуыршақ депутат емеспін»: Журналистің сұрағы Айдос Сарымның ашуын туғызды

"Қайта сіз қуыршақ баспасөз шығарсыз", - деп жауап қатқан.

Ютубтағы "ORDA LIFE" арнасында ҚР мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сұхбаты жарияланды.  Сұхбатта депутат алдағы уақыттағы геосаяси жағдай, саяси мәдениет, елдегі жаңа сайлау мәдениетін қалыптастыру, "Астана" атауы сынды тақырыптарда сөз қозғайды. Журналистің қойған сұрағына Айдос Сарым:

- Алдағы он жылымыз артта қалған отыз жылдығымыздан қиын болуы ықтимал, - деп  жауап қатады.

Сұхбатта елорданың "Астана" атануына, Президент сайлау мерзіміне қатысты айтылатын тұстар бар.

Журналистің: "Жеті жылдықты бір сәтте қабылдап тастадыңыздар. Тоқаев биліктен кеткеннен кейін 7 жылдықты алып тастап, конституцияға тағы өзгеріс енгізесіздер ме? Бұл сіздер секілді қуыршақ депутаттар тұрғанда түк те емес" деп қойған сұрақ желісі Айдос Сарымның ашуын туғызды. Сауалға депутат:

- Кешіріңіз, сөзіңізді байқап сөйлеңіз. Мен қуыршақ депутат емеспін. й

Естеріңізге сала кетейік, жақында депутаттар бұрын бірауыздан өзгертілген Елордамызға "Астана" атауын қайтару мен Президенттік сайлау мерзімін өзгертуді бір ауыздан қабылдаған еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Айдос Сарым