Қала жолдарына орнатылған бейнекамералар құқық бұзушылықтарды жазып алумен қатар, жүргізушілерді тәртіпке шақырады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астанада қиылыстарда «қызыл түске» және стоп-сызықтарды қиып өтушілерді түсіретін 11 интегро камера, 53 скоростемер орнатылды. Жалпы қала жолдарына 694 камера қойылды. Камераға жазылған барлық ақпарат жолдағы ахуалды қарайтын Жедел басқару орталығына жіберіледі.
«Сонымен бірге, белдік тақпау, рөлде отырып телефонмен сөйлесу, автокөлік терезесінен қалдық тастау, рұқсат етілмеген жерге тоқтау және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар таспаға түседі. Әкімшілік құқықбұзушылық пен ЖҚО ережелерін бұзғаны үшін бейнежазба мен нақты айппұл көрсетілген ескертпе ереже бұзған жүргізушінің мекен-жайына жіберіледі. Айыппұл төлемей автомобильді қайта рәсімдеге, техникалық байқаудан өтуге және басқа да үдерістерден өтуге жол берілмейді», делінген хабарламада.