$ 444.22  476.38  4.82

«Эйр Астананың» ұшқыштарын джип қағып кетті

Алматыда кеше түнде «Эйр Астана» әуе компаниясының микроавтобусын джип қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әуе компанияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, апат салдарынан төрт адам зардап шекті.

«Алматыда «Тойота Сюрф» көлігі «Эйр Астана» қызметкерлерін таситын микроавтобусты қағып кетті. Оқиға түнгі 01:30-да орын алған еді.

«Көлікте болған екі бортсерік пен екі ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. Екі бортсерік қазір ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі орта дәрежелі жарақат алған. «Эйр Астана» әуе компаниясы жапа шеккен қызметкерлердің емдеу шығынын өтеп береді», делінген баспасөз хабарламада.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары