Журналист және оппозиционер Жасарал Қуанышалин президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Оның кандидатурасын ұсына алатын республикалық қоғамдық бірлестікті іздейтіні туралы хабарлама жазды, деп хабарлайды Оrda.kz сайты.
– Кезектен тыс президенттік сайлау өтетін күн келесі аптада белгілі болуына байланысты, мен президенттік сайлауға қатысу ниетімді мәлімдеймін. Өздеріңіз білетіндей, Президенттікке кандидатты республика бойынша кемінде 9 филиалы бар республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады. Мен, осындай ұйымдардың басшылығына менің кандидатурамды ұсыну мәселесін талқылау үшін хабарласуды өтінемін, – деп жазды ол.
Айта кетсек, Жасарал Қуанышалин – журналист, оппозиционер, 2006 жылы Қазақстан президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін рақымшылық бойынша босатылды.