$ 444.22  476.38  4.82

Әли Ахмедов «GGG-Канело» бокс кешіндегі жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Бокс кешіндегі алтыншы кездесу төрешілердің шешімі бойныша отандасымыздың пайдасына шешілді.

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс кешіндегі алтыншы кездесу төрешілердің шешімі бойныша отандасымыздың пайдасына шешілді. Екінші орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді. Кәсіпқой бокстабұған дейінгі 26 кездесуінің 15-інде жеңілген америкалық Габриэль Росадо Әли Ахмедовке қарсы айтарлықтай сәтті өнер көрсетті деуге болады. 10 раундқа созылған айқаста қазақстандық боксшы барлық раундтардың қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп:

Айта кетейік, «GGG-Канело» трилогиясының андеркардына бірінші болып америкалық Энтони Эррера (2-0-1) мен Делвин Маккинли (4-3-1) шыққан болатын. Аса жеңіл салмақтағы кездесу Маккинли көзінен алған жарақатына байланысты, мерзімінен бұрын аяқталды.

Тағы бір америкалық боксшы Аарон Апонте (6-0, 2 КО) мексикалық Фернандо Молинаның (8-0, 3 КО) бірінші орта салмақтағы жекпе-жегі тең аяқталды.

Ал жеңіл салмақтағы америкалық Марк Кастро (7-0, 5 КО) тағы бір мексикалық Кевин Мендосаны (6-1-2, 3 КО) бесінші раундта жеңіп кетті.

Тағы бір америкалық боксшы Диего Пачеко (15-0, 12 КО) пуэрторикалық Энрике Кольясоны (16-2-1, 11 КО)10 раундтық жекпе-жектің 5 раундында нокдаунға жіберіп, артынша төреші айқасты тоқтатты. Осылайша Диего Пачеко супер орта салмақтағы WBC титулын жеңіп алды.

Орта салмақта өткен тағы бір жекпе-жкте Остин Уилиямс (11:0:0) қарсыласы Киерон Конуейден (18:2:1) басым түсті.

Еске салсақ, «GGG-Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жеккеде шығуға әзір екенін мәлімдеген. 

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедовтің қарсыласы – Америка өкілі Габриэль Росадо (26-15-1, 15КО). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары