$ 443.35  475.54  4.82

GGG-Канело жекпе-жегі басталды

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Дәл қазір Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жегі басталды. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетуде.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі мексикалық боксшы абсолютті әлем чемпионы атанған супер орта салмақта өтеді. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы дау-дамаймен аяқталды, ал 2018 жылы рематчта "Канело" төрешілердің көпшілік дауысымен жеңіске жетті.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары