$ 494.87  520.65  4.91

Димаш Құдайберген ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады

Димаш Құдайбергенді АҚШ-тың Лас-Вагес қаласындағы T-Mobile Arena-ға жиналған бокс жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын әйгілі әнші Димаш Құдайберген шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасы «GGG»-ге Қазақстан әнұранын шырқау арқылы қолдау көрсеткен Димаш Құдайбергенді АҚШ-тың Лас-Вагес қаласындағы T-Mobile Arena-ға жиналған бокс жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды.

Бұған дейін Димаш Геннадий Головкиннің жеңіске жететініне сенетінін айтқан еді.

Ал Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жеккеде шығуға әзір екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі төрт жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.

«GGG-Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары