Бүгін Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтті. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны әлем күтті. Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Сауль «Канело» Альварес жеңіске жетті.
«GGG» (42:1:1) мен «Канело» (57:2:2) арасындағы үшінші кездесу мәресіне жетті. Осылайша отандасымыз Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы ең басты қарсыласы Сауль Альварестен үшінші кездесуде де есе қайтара алмады.
Мексикалық бокс шебері WBA, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Соның арқасында ол абсолютті әлем чемпионы атанып отыр.
Бокс жанкүйерлері, соның ішінде Головкиннің жақтастары асыға күткен үшінші айқастың алдында Димаш Құдайберген Қазақстан әнұранын шырқап, жиналған жұртты бір желпіндіріп тастады.
Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе — жегі 2017 жылы өтіп, тартысты тартыспен аяқталды, ал рематчта бір жылдан кейін төрешілер жеңісті мексикалыққа берген болатын.