Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады.
Ол спорттағы жорығын жалғастыратынын және «Канеломен» арада болған араздыққа нүкте қойылғанын жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.
«Мен бокстағы мансабымды жалғастырамын. Алда талай жоспар, жақсы жекпе-жектер күтіп тұр. «Канелоны» және оның командасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Айқас жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Мен бокстан кеткен жоқпын. Менде әлі де орта салмақтағы 3 белбеу бар. Мен ораламын, жігіттер және чемпион болып қала беремін! Мен «Канеломен» қол алыстым. Ол — ұлы жауынгер. Егер сіз мұны түсінбесеңіз, сіз ештеңе білмейсіз. Екеуміздің арамыздағы араздыққа нүкте қойылды» , — деді Головкин.
Тағы оқыңыз: «Чемпион болып қала бересің»: Президент Геннадий Головкинге алғыс айтты
Айта кетейік, T-Mobile Arena сарайында өткен бокс кешінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинді төрешілердің шешімімен ұтқан болатын.