18.09.2022, 17:00

Абай облысының тұрғыны өз баласын көлікпен қағып кетті

Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Абай облысының тұрғыны баласын көлікпен қағып кетті, деп хабаралайды Polisia.kz.

 3 қыркүйек күні Абай облысының 40 жастағы тұрғыны көлік басқару кезінде үйдің ауласынан шыға бергенде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзінің баласын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

Дәл осындай оқиға 10 қыркүйекте болды. 30 жастағы жүргізуші артқы жүріспен қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзінің кішкентай баласын қағып кетті. ЖКО салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.