$ 494.87  520.65  4.91

«Хиджабын дұрыс кимегені үшін көз жұмды»: Иранда дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылық басталды

Студенттер парсы және күрд тілдерінде «Мен өлгім келмейді!», «Сенің қаның тапталмайды!», «Әйелдер, өмір және Бостандық» деген плакаттармен шықты.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Иранда қатаң діни заңдар мен дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылық толқыны байқалды. Оқиға хиджабты дұрыс кимеді деп ұсталған 22 жастағы ирандық Махсы Аминидің қазасынан кейін туындады, деп хабарлайды «Коммерсант» cайты.

Тегеранда ағасымен метродан шығып келе жатқан қызды әдеп полициясы ұстап алған. Ұстау орталығында Амини кенеттен инфаркттан есін жоғалтып, ауруханаға жеткізілген. Онда ол комаға түсті деп мәлімдеді. 16 қыркүйек, жұма күні оның қайтыс болғаны туралы ресми хабарламалар пайда болды. 

Иран мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, ұстау орталығында қызға хиджаб киюдің әдептері үйретілген. Ал қыз эпилепсия және басқа да аурулардан зардап шегіп, кенеттен есін жоғалтқан. Алайда туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Амини дені сау жас қыз болған және ешқандай жүрек ауруынан зардап шекпеген. Олар бұл жағдай ұстау орталығында ұрып-соғудың салдарынан болды деп санайды.

Ирандық қыздың жерлеу рәсімі өзінің туған қаласы Секкезедегі, сондай-ақ Күрдістанның әкімшілік орталығы Сенендедегі наразылық акциясына ұласты. Иранның құқық қорғау ұйымдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыстан 30-дан астам адам зардап шеккен. Наразылық білдірушілер Иран ислам революциясының басшысы Али Хаменейдің суреттерін алып, "Диктаторға өлім!", "Ұят, масқара!" деген лозунгтарды айта бастады.

Иранның оппозициялық БАҚ-тары жексенбіде Тегеран университетінде өткен наразылық туралы хабарлады. Студенттер парсы және күрд тілдерінде "Мен өлгім келмейді!", "Сенің қаның тапталмайды!", "Әйелдер, өмір және Бостандық" деген плакаттармен шықты.

Наразылық толқыны Интернетте жаппай тарады. Махси Амини туралы Twitter-де 2,5 миллионнан астам және Telegram-да бірнеше ондаған мың жарияланым шықты.

Иран президенті Эбрахим Раиси жедел түрде Махси Аминидің мерт болу себептерін ресми тергеуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары