$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздегі ең жемқор министрліктердің тізімі жарияланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 16 қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталған.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша министрлікте жұмыс істеген 111 шенеунік жемқорлықпен ұсталған, деп хабарлайды Экспресс К.   

Ranking.kz сайтының жазуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға артық екен.

Биыл Қаржы министрлігінде бұл көрсеткіш 6,5 пайызға өскен. Сегіз айдың ішінде 33 адам жемқорлық дерегі бойынша ұсталған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 31 еді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 16 қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталған. Бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 23 пайызға артқан. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен 16 адам дәл осы қылмысты жасаған. Сөйтіп жылдық көрсеткіш 5 есеге артып отыр.

Министрлікте жұмыс істеген қызметкерлердің 69,4 пайызы пара алу кезінде ұсталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары