$ 494.87  520.65  4.91

«Басынан орындықпен ұрған»: Ақтөбелік сарбаздың аяқасты талмасы ұстап, денесі құрысып қала беретін болған

Алдияр Кеңесбекті туыстарына ескертпестен маусым айында әскерге алып кеткен.

Ақтөбе қаласына әскери борышын өтеуге барған Алдияр Кеңесбек үш айдың ішінде адам танымастай өзгерген. Қатты соққыдан 18 жастағы жігіттің аяқасты талмасы ұстап, денесі құрысып қала беретін болған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алдияр Кеңесбекті маусым айының 7-сі күні оқып жүрген жерінен ешкімге ескертпестен әскерге алып кеткен. Таңертең Тараздағы колледжге емтиханға кеткен бала кешке тобымен әскерге аттаныпты. Ол Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданынан Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне түскен.

Сарбаздың туыстарының айтуынша, Алдияр ант қабылдаудан бұрын таяқ жеп үлгерген. Қалай ант қабылдағаны белгісіз.

«Ешкімге ескертпей колледжде жүрген жерінен Алдиярды тобымен ешқандай медициналық тексеруден өткізбестен алып кетті. Ант қабылдамай тұрып, отбой уақытында жел шығарғаны үшін сержант басынан орындықпен ұрған. Ертеңіне Алдияр сапқа тұрғанда есінен танып құлаған. Сол кезден бастап талмасы басталыпты», - делінген жауынгердің туыстары жазған жазбада.

Талып ауырған жауынгерді екі айдан кейін ғана ауруханаға апарған. Әкесі Кеңесбек Әбдірайымовқа баласының жағдайы туралы ауруханадан белгісіз біреу хабарласып айтқан. Мұны естіген әкесі Ақтөбеге барып, ұлын емдетуге қатысты демалыс алады. Ұлының жағдайын өз көзімен көрген  әкесі қатты шошып қалған. Енді ұлының демалыс уақыты 7 қазанда бітеді.

«Осы мен әскерилерге таңым бар, бір бөлімшеде бір нәрсені бүлдіреді де іс қозғалса не ауысып кетеді не жұмыстан шығып кетеді. Алдындағы марқұм Әлібек Қалбайды қорлады деген офицерлер де өзге бөлімге ауысып кеткен», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары