$ 494.87  520.65  4.91

Путин Ресейде жартылай мобилизация жариялады

Қаулыға қол қойылды. Іс-шаралар бүгін басталады.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин Ресей халқына үндеуінде елде ішінара мобилизация болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаулыға қол қойылды. Іс-шаралар бүгін басталады.

"Келесі шешімді қабылдау қажет деп есептеймін. Бұл біз қазір бетпе-бет келіп отырған қауіп-қатер үшін орынды шешім. Мемлекетіміз бен халқымызды қорғау үшін қолда бар барлық күшті жұмылдырамыз. Елімізді, тәуелсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды сақтап қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қорғаныс министрлігі мен бас штабтың РФ-да ішінара мобилизация туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын”, – деп мәлімдеді ол.

Путин мобилизация бүгіннен басталатынын айтты. Әскери қызметке әскерде міндетін өтеген қордағы азаматтар шақырылады.

“Олар алдын ала қосымша дайындықтан өтеді”, – деп уәде етті ол.

Мобилизация – әскери күштік құрылымдарды бейбіт жағдайдан толық әскери дайындық жағдайына ауыстыру деген сөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары