$ 446.49  475.38  4.79

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 33 адам өрттен қаза тапты

Қазір облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл өрттен келген материалдық шығынның көлемі былтырғымен салыстырғанда 73 % артып, 325 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында биыл 486 өрт тіркелген, бұл өткен жылдан шамамен 6% аз. Былтыр 37 адамның ажалы өрттен болса, биыл 33 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны да шамамен екі есе азайған, 15 адам ем алды. Ал шығын мөлшері керісінше 73 % артып, 325 млн теңгені құрады.

«Өрттің 75%-ы жеке сектордан шыққан. Басты себептері электр құралдарын орнату және пайдалануда ережені сақтамау. Пешті дұрыс қолданбау және отты қолданудағ салақтық.

Өрттің алдын алу үшін маусым айынан бастап тұрмысы төмен отбасылардың 967-сіне датчиктер қойылды, ол түтін не улы газ шыққанда хабар береді. Жақында тағы 450-ден астамы орнатылады», - дейді СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Қазір облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр. Мамандар әеуметтік осал топқа жататын 44,5 мыңға жуық баспананы есепке алған, бұл үйлерде 12,5 мың адам тұрады. Бірінші кезекте осы тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, үйлеріндегі пештердің, электр қондырғыларының жағдайы тексерілді. Бұл жұмысқа қызметтің 600-ден астам маманы тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары