$ 494.87  520.65  4.91

Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

Мәселен, Мәскеу-Алматы бағыты бойынша 21 қыркүйекке билет қалмаған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейге жақын елдерге сатылатын әуе билеттері бірнеше сағат ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21 қыркүйек күні сағат түскі екідегі жағдай бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтан жақын елдерге ұшатын бағыттарға билеттер өте аз қалған және билет бағасы көтерілген. Кейбір бағыттар бойынша билет бағасы теңгеге шаққанда бір миллионға дейін жетті.

Мәселен, Мәскеу-Алматы бағыты бойынша 21 қыркүйекке билет қалмаған. 22 қыркүйекке 2 билет қалған, бағасы 540 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, бүгін Мәскеу-Астана бағытында да билет қалған жоқ. Ал 22 қыркүйек күні түрлі әуекомпаниялар бойынша алты билет сатылымда. Бағасы 544 мың теңгеден басталып, 6 миллионға дейін жетеді.

Мәскеу-Бішкек және Мәскеу-Ташкент бағыттарына да билет мүлде жоқ.

Мәскеу-Тбилиси және Мәскеу-Стамбул бағыттарына да билет табу қиын.

Мұны барлығы мобилизациямен байланыстыруда. Астана уақытымен 12:00-де Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялайтынын айтқан. Путиннің сөзінше, мобилизация бүгін басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары