Жаңалықтар 21.09.2022 сағат 16:40

Имам: «Душқа тыржалаңаш түсуге болмайды»

Бұл уағызды желі тұтынушылары әрқилы қабылдап, әртүрлі пікір қалдырған.
Имам: «Душқа тыржалаңаш түсуге болмайды»
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дін өкілі душқа немесе моншаға тыр жалаңаш кіру мұсылман баласы үшін барып тұрған әдепсіздік екенін айтты, деп жазады Экспресс К.

Имам жалаңбұт жуынуға шариғатта тыйым салынғанын сөз етті. Ең әуелі екі иықтағы періштелерден ұялу керек екен.

"Көп адам душқа немесе моншаға тыржалаңаш түседі. Ал шариғатымызда жуынуға олай кіруге болмайды. Өйткені екі жақтағы екі періштеден ұят болады. Арнайы матамен әуретімізді, кіндік пен тізе арасын жауып түсуіміз керек. Кеңес үкіметінің құйтырқы, әдепсіз саясатының бірі осы ұятсыздық еді. Қоғамдық моншаға тыржалаңаш шешіндіріп кіргізіп жібереді. Өте үлкен ұят", — дейді Tik Tok-қа "Алланың құлы" атауымен тіркелген имам.

Бұл уағызды желі тұтынушылары әрқилы қабылдап, әртүрлі пікір қалдырған.

"Оранып кірсек, қалай жуынамыз?", "Ондай жерлерге кіргенде періштелер сыртта қалады емес пе", "Білмей келіппіз, Алла өзі кешірсін", "Енді үстіме куртка киіп түсемін", "Жуынғасын бүкіл жерге су тиюі керек қой", "Тыйым салынбаған не қалды өзі?" — деп жазды көпшілік.

Қостанай облыстық мешітіне хабарласқанымызда дін қызметкерлері мұнымен толық келісуге болмайтынын айтты.

"Жеке қалған кезде жалаңаштанып жуынуға шариғат тыйым салмайды. Бастысы, иманы берік адам сырт көзге әуретті жерін көрсетпеуі керек. Тіпті қоғамдық моншаларда өзіңіз оранып жүргеніңізбен, маңайыңыздағы адамдар тыржалаңаш болса, ол да мұсылман баласы үшін ұятты нәрсе саналады. Сондықтан да ләзімі халал моншаларға бару", — дейді облыстық мешіттің діни қызметкері Әлішер Балахмет.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар