22.09.2022, 17:20

«Соңғы апта Президенттің әлемдік аренадағы зор беделін көрсетті» – сарапшы

фото: ашық дереккөз
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев биліктің сайлау кестесін алдын-ала жариялауы сирек кездесетін жағдай, деп есептейді.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап,  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Күзгі саяси науқынның басты жаңалығы болғалы тұрған сайлауға қатысты саясаттанушы Данияр Әшімбаев биліктің сайлау кестесін алдын-ала жариялауы сирек кездесетін жағдай, деп есептейді.

«Тоқаев Жолдауда мәлімдегендей, мерзімінен бұрын сайлауды 20 қарашаға белгіледі. Биліктің сайлау кестесін алдын-ала жариялауы сирек кездесетін жағдай, оның үстіне әңгіме президенттік сайлау туралы ғана болса бір сәрі, мұнда сондай-ақ, парламент және мәслихат туралы да сөз қозғалып отыр. Депутаттардың бастамасы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты жағдай біршама өзгерген сияқты, дегенмен, Президент оларды сайлаудан кейін бастауға ниетті екенін бұған дейін де  білдірген.

Қазір саяси тұрғыда Мемлекет басшысының деңгейі жақсы жағдайда. Ол биыл өзін қатал әрі батыл басшы ретінде көрсетті, кең ауқымды саяси реформаларға бастамашылық етті, белгілі бір мағынада «ескі Қазақстанның» мұрагері емес, жеңімпазы болды. Соңғы апталардың өзінде кең ауқымды халықаралық бағдарлама (Рим Папасының, ҚХР төрағасының сапарлары, діндер съезі, ШЫҰ саммиті және Нью-Йоркке сапар) Президенттің әлемдік аренадағы зор беделін көрсетті», - дейді ол.

Сарапшы ел ішінде Тоқаевқа тең келер қарсылас жоқ екенін айтады. Ал әртүрлі оппозицияға кандидат ретінде қарастырылып жатқандардың көпшілігінің бұл сайлауда ұпайы аз.

«Кейбіреулер өз мүмкіндіктерін түсініп, «режимнің айла-амалдары» үшін сайлауға қатыспау мақсатында соттылығы барын желеу етуде. Енді бірі 2019 жылғы «наразылық» электоратының жартысы «жоғарыдан келген сый» екенін есте түсіне отырып, спаринг-серіктес ретінде қатысу үшін билікпен белсенді түрде саудаласуға тырысуда.

Тоқаев сайлауды екі жылға алға жылжытып, оған баяу қарсы тұра алатын элиталарды, алдыңғы қатарлы қоғам мен сыртқы ойыншыларды шоғырландыру жоспарын бұзды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мерзімді соңғы ете отырып, өмір бойы басқаруға деген жеке амбициялар туралы мәселені шешіп, модернизацияны аса қажет ететін қоғамды қайта құрумен айналысуға мүмкіндік алады.

Бұл ретте мәселе тек монополизммен күресте ғана емес. Астананың атауын саяси бағдарлама ретінде қарастыру немесе «ескі Қазақстанды» тек қана сұрқай түстермен көрсету ақымақтық болар еді. Президент Тоқаев Назарбаевтың рөлі туралы нақты және бірнеше рет айтқан болатын, кез келген адекватты адамға елдің тәуелсіздігі құрылған тұрақтылық, келісім және қазақстандық патриотизм сияқты құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы айқын.

Елдің қалыптасуы жолында белгілі бір бұрмалаушылықтар орын алды және Президенттің міндеті - әділеттілік, прагматизм және ағарту сияқты құндылықтарды негізге ала отырып, оларды барынша түзету болды», - деп санайды Әшімбаев.