Жаңалықтар 23.09.2022 сағат 10:00

Назарбаев туралы деректі фильмге ел бюджетінен 2,7 миллиард теңге жұмсалған

Фильм «Qazaq: Алтын адам хикаясы» деген атаумен жарыққа шыққан.
Назарбаев туралы деректі фильмге ел бюджетінен 2,7 миллиард теңге жұмсалған
фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм «Қазақстанның тұңыш президенті – Елбасы қорының» тапсырысымен түсірілген, деп жазады Власть сайты.

Бұл ақпаратты Ұлттық киноны қолдау орталығы растады. Назарбаев жайлы фильмді режиссер Оливер Стоун түсірген. Ұлттық киноны дамыту орталығының мәліметіне сәйкес, орталық жобаны өндіру, таныстыру және тарату бойынша операторлық қызмет көрсету туралы Елбасымен келісім жасасқан.

Ал шарттың жалпы құны 2,7 миллиард теңге. Фильм түсірілген уақытта «Оливер Стоунның деректі фильмі – Қазақстан» деген атау алса, 2021 жылы «Qazaq: Алтын адам хикаясы» деген атаумен жарыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар