23.09.2022, 13:00

Үміткердің жасы 40-қа толған болуы керек: Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

Фото: ашық дереккөзден
Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

ҚР Президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Айта кетсек, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы; ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы; Жоғары білімінің болуы; Жасы 40-қа толған болуы; Белсенді сайлау құқығының болуы; Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.