$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар мектебінде белгісіз адам газ шашып, 15 оқушы уланып қалды

Оқиға орнында дәрігерлер, полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, жағдайды анықтап жатыр.

Ленин кенті мектебінде газ шашылып, оның иісінен 15 бала зардап шекті, деп хабарлайды PavlodarNews.

23 қыркүйекте Ленин кентіндегі № 33 орта мектепте сағат 11:00 шамасында белгісіз біреулер екінші қабаттың дәлізіне бұрыш спрейін шашқан.

"Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды, 15 оқушы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, полиция қызметкерлері мен Павлодар қалалық төтенше жағдайлар бөлімі жұмыс істеп жатыр", – деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Тілекжан Ғалямов.

Әзірге аталмыш жағдайға кінәлілер анықталмады. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, жағдайды анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары